Мұрат ҚАНҒОЖИНОВ,
СҚО ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауды бақылау жөніндегі бөлімінің офицері.
Азаматтық қорғаныс шараларын орындау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының бақылауға жататын объектілерінің тізіміне 635 субъект енеді. 2013 жылдың бірінші және екінші жартыжылдығына арналған тексеріс жоспарларына сәйкес СҚО ТЖД қызметкерлерінің бақылауындағы 166 субъектіде “Азаматтық қорғаныс туралы” Заңның сақталуын тексеру жоспарланған болатын. 166 субъектінің ішінде 99-ы – мемлекеттік мекеме, қалған 67 субъект – жеке кәсіпкерлік.
Есепті кезеңде 164 тексеріс өткізілді, тексерістердің қорытындысы бойынша заң талаптарын бұзғаны үшін 62 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға салынған айыппұлдың сомасы 881 079 теңгені құрады. Оның ішінде жоғары буындағы 44 басшы және орта буындағы 18 адам бар.
Тексеріс жүргізу кезінде бақылау объектілерінде азаматтық қорғаныс жоспарының жоқтығы мен түзетілмегендігі, көшіру комиссиясының құрылмағандығы, қызметкерлер мен отбасыларды көшіру бойынша құжаттардың әзірленбегендігі анықталды. Қызметкерлердің Азаматтық қорғаныс бойынша міндеттерін орындау үшін жағдай, техногендік апаттар туралы халық пен елді мекендерді хабарландыру жүйесі жоқ (ақпараттық-анықтамалық стендтер, әдебиеттер, АҚ ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік құралдар). Сонымен қатар, жеке қорғаныс құралдарының пайдалану уақыты өткен.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындамаудың негізгі себептері – нысан басшыларының АҚ және ТЖ саласындағы нормативтік-құқықтық актілер жөніндегі білім деңгейінің төмен болуы және Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қаржыландырудың толыққанды болмауы (АҚ заттарын, жеке қорғану құралдарын алу, оқыту үшін және т.б.).