«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2014 жылдың 1 ақпанынан бастап шетелдік азаматтар Қазақстанның жеке тұлғаларында ресми түрде жұмыс істей алады.

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары былтыр облыс аумағында заңсыз еңбек еткен 52 шетел азаматын ұстады. Олардың барлығы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды. Енді биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап жеке тұлғалар шетелдіктерді жұмысқа жалдау жөніндегі рұқсатнамаларды жеңілдетілген түрде алу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл “Қазақстан Республикасының еңбек көші-қоны мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы негізінде жүзеге асқалы отыр.

Шетелдіктер бір жылға дейінгі мерзімде қызмет етуге мүмкіндік алады. Бұл үшін мигранттарға көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелерінен рұқсат алу жеткілікті. СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышевтің мәлімдеуінше, елімізге еңбек етуге келген шетелдіктер алдымен салық органдарында жеке сәйкестендіру нөмірін алуы тиіс. Ол үшін заңнамада белгіленген салық төлеу қажет. Содан соң ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік қазынаға ақша аударатын болады.  

Мемлекеттік баж салығын төлеген шетел азаматтары жұмысқа орналасу үшін 3 айға дейін рұқсат қағазын алулары қажет. Бұл уақыт табыс көзін табуды және жұмыс берушімен еңбек келісімшартын жасасуды қамтиды. Содан соң рұқсатнама бір жылға дейін ұзартылатын болады. Бұл өзгерістер ТМД азаматтарына ғана қатысты.

 СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp