Облыстың сот орындаушылары үшін өткен 2013 жылдың басты жаңалығы жаңа ғимарат сатып алу болды.
Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті жаңа жыл қарсаңында Театр көшесі, 47 мекенжайы бойынша төртқабатты жаңа ғимаратқа көшті. Сөйтіп, мерекелік демалыс күндері аяқталысымен, сот орындаушылары өз жұмыстарына жаңа ғимаратта кірісті.
Ғимаратты сатып алуға қаражатты Қазақстан Республикасы Сот актілерін орындау комитеті бөлген болатын.
Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.