Александр КОНДРАТОВ,
“Петропавл құрылыс материалдары зауыты”
ЖШС-нің Бас директоры.
Петропавл құрылыс материалдары зауыты 2007 жылы құрылған. Ол Қазақстанның нарығында құрылыс индустриясының жаңа нарық талаптарына жауап беретін отандық құрылыс материалдарының жетіспеушілігі қатты аңғарылған кез болатын. Жаңа технологияларды енгізу, құрылыс материалдарының тиімді және экологиялық таза осызамандық үлгілерін шығару жөніндегі жаңа кәсіпорындар құру қажет болды.
Құрылыс материалдары нарығындағы сұранысты саралай отырып, зауыт су қысымына шыдамды полиэтилен құбырларын, “Монтеррей” және “Каскад” металл жабынқыштарын, профилен төсенділер, сэндвич-панельдер шығара бастады. Тапсырыс беруші полиэтилен құбырларын көптеген себептер бойынша таңдайды. Соның ішінде біріншісі – олардың ұзақ мерзімде пайдаланылуы, суық сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі кепілді қызмет мерзімінің 50 жылдан кем еместігі. Полиэтиленнен жасалған құбыр түрлі көлемдегі қосындылар түрінде ауызсуына қосылатын хлорға және қышқылдарға төзімді, қатқан кезде бұзылмайды, оның материалына кезбе токтың және темір бактерияларының әсері жоқ. Өткізу қабілеттілігі пайдаланылған кезде құбыр бойынша су айдауға кететін қуат шығындарын 5-8 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.
Металл жабынқыштарының басты артықшылығы ретінде олардың дәстүрлі өсімдердің барлық артықшылығына ие бола отырып, анағұрлым сәнді көрінетінін, ал жинауының өте қарапайымдылығын, металл жабынқыштар конструкцияларының жеңілдігін, пайдалануға қолайлылығы мен қарапайымдылығын атап өтуге болады.
Профилен төсенді – әмбебап материал, ол белдік конструкцияларының үстін жабу үшін қалай қолданылса, сол сияқты тұрғын үйлер, өндірістік және тұрмыстық ғимараттар құрылыстары кезінде қабырғалар мен төбелерді жабуға да қолданылуы мүмкін.
Сэндвич-панельдер тұрғын үйлердегі сияқты, өнеркәсіптік құрылыста да ойдағыдай қолданылуда. Оның өте тегіс беті қосымша өңдеуді (сылақты немесе тегістеуді) талап етпейді, сэндвич-панельдердің ылғал тартқыштығы төмен және жақсы жылу сақтағыш қасиеті бар, сондықтан ол, тіпті, қиыр солтүстік өңірлерде құрылыс жүргізуге мүмкіндік береді, бірден боялып шығарылатындықтан, ғимараттың әрлеп-сырлау жұмыстары құнын айтарлықтай азайтады.
2009 жылы құрылымдық жылу сақтағыш панельдер өндірісін қолға алдық, ол негізінен тұрғын үйлер және жеңіл коммерциялық ғимараттар құрылысында қолданылады. Бұл жүйенің технологиясы құрылыстың дәстүрлі әдістері алдында қабырғаларының тез тұрғызылатыны, жылжытуға, қысымға қарсылығы, майысқыш беріктік шегі көрсеткіштері бойынша оның құрылымдық тұтастығының құрылыстық ағаштан салынған стандартты үйден анағұрлым асып түсетіні бірқатар артықшылық береді.
2010 жылы үш технологиялық желі іске қосылды, олар – жерастында жүргізу үшін полиэтилен орамасында алдын ала пенополиуретанмен оқшауландырылған болат құбырлар (жылуға), жерүстінде жүргізу үшін мырыш орамадағы болат құбырлар және диаметрі 710 мм. – ден 1000 мм.-ге дейін полиэтилен қысымға шыдамды су құбырлары өндірісінің желілері, 2012 жылы диаметрі 20-дан 1200 мм.-ге дейін тағы қосымша төрт технологиялық желі іске қосылды.
Бүгінде кәсіпорында әртүрлі құрылыс материалдарын шығаратын он сегіз технологиялық желі бар. Сапа менеджменті жүйесі енгізілген, аттестаттаудан өткен сынақ зертханасы жұмыс істейді. Осының бәрі коттедждік құрылыстар, жылдам тұрғызылатын ғимараттар және арнайы ғимараттар үшін құрылыс материалдарына қойылатын ерекше талаптарды сақтауға көмектеседі, шығарылатын өнімдерге тұтынушылардың жоғары қызығушылығы кәсіпорынның жемісті жұмысына лайықты дәлел, оған оның алған көптеген сертификаттары, дипломдары және алғыс хаттары айғақ болады.
Бизнесті үлгілі жүргізгенім, жоғары кәсіпқойлық пен сенімді серіктестік шеберлігін танытқаным үшін маған 2013 жылы “Алтын ягуар” халықаралық сыйлығының лауреаты атағын берген Іскер топтар ассамблеясына (Халықаралық жетекші өнеркәсіпшілер, бизнесмендер, білім беру, ғылым, мәдениет қызметкерлері, журналистер қоғамдық ұйымы) айтар алғысым зор, ал біздің зауыт өнімдері (диаметрі 16-1200 мм. шаруашылық – ауызсуымен қамтамасыз ететін қысымға шыдамды полиэтилен құбырлар, диаметрі 16-630 мм. газ жеткізетін полиэтилен құбырлар) жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі үшін “Жоғары сынамақ” сапа белгісін алды.
Сапаны арттыру және өнім түрлерін көбейту жолында тынбай еңбек ете отырып, біз кәсіпорында жұмыс істейтін адамдарға қамқорлық жасауға зор маңыз береміз. Жұмыс орындары барлық нормаларға сәйкес келеді. Еңбеккерлеріміз ұдайы тренингтер мен семинарларға қатысады, соның арқасында олардың тәжірибелері жетіліп, еңбек өнімділігі артуда. Шетелдік құрал-жабдықтарға тән жұмысқа үйрететін мамандарды шет елден шақырамыз.
Қоғамда өмір сүре отырып, одан тысқары қалуға болмайды – біздің әлеуметтік ұстанымыз осындай. Кәсіпорнымыз соғыс және тыл ардагерлеріне қамқорлық жасайды, қаланың және облыстың спорттық шараларына демеушілік етеді, Петр және Павел әулиелер шіркеуінің құрылысына қаржылық қолдау көрсетті.
Қазірде құрылыс индустриясы өте жылдам дамуда, жыл сайын мыңдаған шаршы метр тұрғын үй қоры пайдалануға берілуде, әлеуметтік нысандар бой көтеруде, ескі құбырлар жаңасымен ауыстырылуда және басқа да көптеген жұмыс жүргізілуде. Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес, одан тысқары жерлерде де бәсекеге қабілетті осызаманғы сапалы құрылыс материалдарын өндіру өте өзекті. Біздің өнімдеріміздің негізгі тұтынушылары – Петропавл қаласының және облыстың кәсіпорындары мен тұрғындары, полиэтилен құбырларын Ресей Федерациясының Қорған, Омбы және Новосибирск облыстарына шығарамыз. Нарық сұранысына бағдар ұстанған “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС-і өнімдер түрін көбейте отырып, өндірістің қарқынын үдете түсуде.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.