«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАМДАРДЫ СЫНДЫРҒАН жасөспірімдер қолға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшылары Петропавл қалалық мәдениет және демалыс саябағында бұзақылық жасаған мектеп оқушыларын ұстады.

Облыстық ІІД-нің Жедел басқару орталығына жасөспірімдердің саябақтағы су бұрқақтарының маңында орналасқан гүлзардағы жарық шамдарын сындырғаны туралы хабар түсті. Тәртіп бақылап жүрген әмбебап полицейлер іздерін суытып үлгермеген бұзақылардың екеуін Қазақстан Конституциясы көшесінде құрықтады. Сұрастыру барысында 15-16 жастағы жасөспірімдердің №10 қалалық орта мектептің оқушылары екендігі анықталды. Ешқайсысы осыған дейін полицияда тіркеуде тұрмаған. Балалар Жаңа жылды үйлерінде қарсы алған соң құрбыларымен бірге қала көшелерін аралауға шыққан кездерінде тәртіп бұзған.

“Аталған факті бойынша материал мамандандырылған әкімшілік сотқа тапсырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұл заң бұзушылыққа орай 2-ден 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу қарастырылған”, – деді Ювеналдық полицияның аға инспекторы, полиция капитаны Жұлдыз Бағыт.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp