Қызылжар ауданындағы Якорь ауылдық округінің Мәдениет үйінің жанынан құрылған “Мелодия” вокалдық ансамблінің кезекті концерті облыс орталығындағы Достық үйінде өтті.
Анна КУЧЕРЕНКО,
еңбек ардагері.
Ансамбльдің концертте шырқаған әндері сан қилы. Олар Мағжан Жұмабаевтың “Туған жер” өлеңіне Юрий Зайберттің жазған әнін толғана орындады. Ансамбльдің әншісі Гауһар Ысмағұлова “Арыс жағасында” әнін шырқады. Репертуарларында 100-ге жуық ән бар ансамбль бұл концертте қазақ, орыс және украин халықтарының әндерін орындады. Концертте Юрий Зайберттің де бірқатар әндері көрермендер назарына ұсынылды.
Өнер ұжымы көптеген іс-шараларға белсене қатысып келеді. Олар Якорь ауылдық округінің Мәдениет үйінде, Бескөлдің Мәдениет үйінде, “Транссиб” емдеу-сауықтыру орталығында жүйелі өнер көрсетуде.