Білім беру саласындағы қызметтердің негізгі көлемін (95,4%) мемлекеттік мекемелер көрсетеді.
2013 жылғы 3-тоқсанда білім беру саласындағы қызметтерді 813 ұйым көрсетті. Облыстың білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша орындаған қызметтерінің көлемі 8865,5 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда білім беру қызметтерінің көлемі 2,2% ұлғайды.
Білім беру саласындағы қызметке ақы төлеудің негізгі көзі бюджет қаражаты болып қалуда, олар қызметтердің жалпы көлемінің 92,4%-ын құрайды. Халық қаражаты есебінен төленген қызметтер үлесі 7,1%-ды құрады, 0,5% кәсіпорындар қаражатына келеді.
Ең үлкен үлес салмақты негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер алады, олардың көлемі 4642,3 млн. теңгені немесе қызметтердің жалпы көлемінен 52,4%-ды құрады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында 1039,1 млн. теңге (11,7%), бастапқы білім беру саласында – 937,2 млн. теңге (10,6%), жоғары білім беру саласында – 862,2 млн.теңге (9,7), техникалық және кәсіптік орта білім саласында – 731,9 млн.теңге (8,3%) сомасына қызмет көрсетілді.