Білім беретін мектептердің жалпы санынан ең үлкен үлес салмақты орта мектептер алады – 58,9%.
Солтүстік Қазақстан облысында 2013-2014 оқу жылының басына жалпы білім беретін 579 күндізгі мектеп жұмыс істесе, олардан 577-сі немесе 99,7%-ы мемлекеттік болып табылады.
Күндізгі мектептердің жалпы санында екі жекеменшік мектеп бар, олардағы оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,2% ұлғайды.
Күндізгі жалпы білім беретін мектептер бастауыш, негізгі және орта мектептерге бөлінеді. Білім беретін мектептердің жалпы санындағы ең үлкен үлес салмақты орта мектептер алады – 58,9%. Негізгі мектептердің үлес салмағы – 23,3%, бастауыш – 16,4, даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған мектептер – 1,2 және “мектеп-балабақша” кешені 0,2%-ды құрайды.
Бастауыш мектептердің жалпы санынан 97,9% ауылды жерлерде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 97,8% және 84,2%-ды құрайды.
2013/14 оқу жылының басына оқушылар саны 72,9 мың адамды құрап, 2012/13 оқу жылының деңгейінен 2,6% төмен болды.
Облыста 2012/13 оқу жылының басына пәндерді тереңдетіп оқытумен 10 мектеп (4 гимназия және 4 лицей), жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптары бар 43 мектеп, колледж жанында бір мектеп жұмыс істеді. Түрлі пәндерді тереңдетіп оқитын оқушылар саны 10,2 мың оқушыны құрайды.
2013 жылы мектепті бітірген оқушылардың жалпы санынан 7273 адам – негізгі білім беретін мектепті бітіргені туралы куәлік, 4303 адам орта білім туралы аттестат алды, олардан облыстағы мектеп бітірушілердің 0,4%-ы (29 адам) – мектепті “Алтын белгімен”, 0,3%-ы – өте жақсы, 8,9%-ы “Пәнді зерделеуде ерекше табыстары үшін” грамотасымен марапатталды.
Жаңа оқу жылының басына облыс мектептеріндегі педагог қызметкерлері 13577 адамды құрады. Педагог қызметкерлердің жалпы санының 83,6% – жоғары білімді, 16,3 – кәсіби мен техникалық және 0,1%-да жалпы орта білімі бар.
Облыстық Статистика департаменті.