«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІШКІ ӘСКЕРІМІЗГЕ – 22 жыл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осыған орай ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтында салтанатты шара болып өтті. Оған Әскери институттың жеке құрамы, өңірлік күш құрылымдарының басшылары және ардагерлер мен курсанттар қатысты.  

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

1992 жылдың 10 қаңтарында ел Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскері құрылды. Іле сол жылдың 23 маусымында Ішкі әскер туралы заң қабылданды. Сол уақыттан бері офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет етушілер, курсанттар мен сарбаздар қоғам мен мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. 22 жыл ішінде Ішкі әскердегі жауынгерлердің шеберлігі артты. Дайындықтары да жоғары деңгейде. Олар елімізден өзге Таулы Қарабақ, Әзірбайжан Республикасында, Ош, Жалалабад қалаларындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысты. 22 жыл бойы тыныштық күзетінде тұрған қатардағы сарбаздан генералға дейінгі Ішкі әскердің әр жауынгерінің жеткен жетістігі мол.

Жиында құрама басшылары мен ардагерлер осыны сөз етіп, Тәуелсіздікпен түйдей құрдас құрылым тарихы жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ 1997 жылдан бері офицерлік құрамды даярлап келе жатқан Әскери институттың да бүгінгі тыныс-тіршілігі ауызға алынды. Бұл – Ішкі әскеріміз үшін офицерлер даярлайтын бірден-бір білім ордасы. Күнделікті қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында 18 қалада 4 мыңнан астам әскери көшеге шығады. Олардың қатарында аталмыш институттың түлектері де бар.

Жиын барысында Ішкі әскердегі ең үздік қызметкерлердің бірқатары марапатталып, кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Суреттерді түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp