«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШАЙЛЫҚ КУРСТАН ӨТКЕНДЕР сертификат алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында үшдеңгейлік курстарда оқып шыққан мұғалімдерге сертификаттар табысталды. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Олар Кембридж университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі дайындаған бағдарламалар бойынша 1 желтоқсанда портфолиоларын табысты қорғап, біліктілік емтихандарын тапсырған. Кембридж университетінде мұғалімдердің ұсынған барлық құжаттары толығымен сараптамадан өтіп, оның қорытындысы бойынша сертификаттар тағайындалған.  

– Бізде 190 адам біліктілік емтиханын тапсырған болатын, соның тек бесеуі сынақтан өте алмай қалды. Емтихан тапсырғандардың жартысынан астамы – ауыл мұғалімдері. Бұл курстарға 30% қалалық мұғалімдер шақырылса, қалған 70%-ы – ауыл мектептерінен. Өйткені, ауылдық мектептерге қазіргі замандағы әдістемелерді меңгерген жаңа форматтағы мұғалімдер керек, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Алма Мырзалинова.  

Алма Жәкімқызының айтуынша, мұғалімдер үшінші деңгейге оқуға өту үшін олардың еңбек өтілі 5-7 жылдан кем болмауы, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруі, кәсіби шеберлік конкурстарында жеткен өзінің және оқушыларының жетістіктері болуы керек.

Үшдеңгейлік курстан өткендігі туралы сертификат алған мұғалімдердің құжаттарына сәйкес жалақыларына 30%-дан үстемеақы қосылатын болады.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp