Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында негізгі қызмет көлемін (94,5%) мемлекеттік мекемелер көрсетеді.
2013 жылғы 3-тоқсанда облыста халыққа медициналық көмек көрсетумен 98 ұйым айналысты, олардың 30-ы – аурухана. Тұрумен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қызметті 16 ұйым көрсетті. Облыстағы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдары негізгі қызмет түрі бойынша орындаған қызмет көлемі 6300,6 млн. теңгені құрады.
2013 жылғы 3-тоқсанда әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 94%-ын – мемлекеттік меншік нысанындағы мекемелер, 4,4%-ын – жекеменшік және 1,1%-ын басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар көрсеткен.
Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында негізгі қызмет көрсету төлемінің көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты болып қалуда, ол жалпы қызмет көлемінің 93%-ын құраған. Халық қаражаты есебінен төленген қызметтер үлесі 4,7%-ды құрады, қалған бөлігі 2,3% кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді.
Қызметтердің ең үлкен көлемі ауруханалардың қызметі есебінен қалыптасты, олар 3415,7 млн. теңге сомасына (қызметтердің жалпы көлемінен 59,5% қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 881,8 млн. теңге сомасына (15,4%), басқа да адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметпен айналысатын ұйымдар 671,7 млн. теңге сомасына (11,7) қызмет көрсетті, мамандандырылған дәрігерлік тәжірибе қызметтері 591,3 млн. теңге сомасына (10,3) және стоматология саласындағы қызметтер 181,2 млн. теңге сомасына (3,1%) көрсетілді.