«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЛАНБАҒАН САПАРЫ облыс орталығындағы емханалар жұмысын тексеруге арналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жұма күні облыс әкiмi Самат Ескендiров Петропавлдағы екi емханаға жоспарланбаған сапар жасады. Өңiр басшысы қызмет көрсету саласында мәселе мен кезек бар ма, науқасты қабылдау қанша уақытқа созылады және оның сапасы қандай деген сауалдарға жауап iздедi.

1-шi қалалық емхана таңғы сегiзден кешкi сегiзге дейiн iстейдi. Күн сайын дәрiгер орта есеппен 25-30 науқасты қабылдайды. Аталмыш емхана 22 учаскедегi 50 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетедi.

3-шi қалалық емханада созылған кезек жоқ, өйткенi талондар берiлмейдi екен. Дегенмен, кей кезде дәрiгердi тосып қалатын кездер болады, дейдi келушiлер. Бұл емханада барлығы 73 дәрiгер жұмыс iстейдi. Жас мамандардың көбi Қарағанды мен Алматының медициналық мекемелерiн тамамдап келген.

Жоспардан тыс жасалған сапары барысында облыс әкiмi емханалардың басшыларына таң атысымен кезекте тұрып, дәрiгерге кiре алмаған науқастарға ерекше көңiл бөлудi тапсырды. Қарттар мен балаларға ықылас танытқан жөн.

Алдағы аптада облыс әкiмiнiң блогында тұрғындардан денсаулық сақтау саласы бойынша арыз-шағымдарды қабылдайтын айдар ашылады.

sko.gov.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp