Желтоқсанда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 15 797 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9 478 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6 319 теңгені құрады.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 12 622 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 19 971 теңге және (қыздар) – 15 303 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 18 811 теңге және әйелдер – 14 942 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 14 778 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 15 942 теңгені, Петропавл қаласы бойынша – 15 527 теңгені құрады.