Петропавл қ. 2013 жылғы 13 желтоқсан №23/1
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. 1, 2 және сәйкесінше 3-қосымшаларға сәйкес 2014-2016 жылдарға, соның ішінде 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 101 624 463 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер – 11 937 567 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 104 672 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1 000 мың тенге;
трансферттер түсімі – 89 581 224 мың теңге;
2) шығындар – 101 541 922 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 882 524 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 1 483 804 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 601 280 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – -100 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсім – 100 мың теңге;
5) бюджет профициті – -799 883 мың теңге;
6) профицитті пайдалану – 799 883 мың теңге.
2. 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
жеке табыс салығы;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем.
Облыстық бюджетке салық жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері – 100 пайызда, аудандар және Петропавл қаласының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша – 100 пайызда белгіленсін.
3. Облыстық бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімі;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің меншігі болып табылатын коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен кірістер;
мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақы;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер;
мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындармен салынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар.
4. Облыстық бюджет түсімдері мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеуден түскен түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін.
5. Облыстық бюджеттен 2014 жылға аудандар бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 23 830 576 мың теңге сомада белгіленсін, соның ішінде:
Айыртау – 2 470 762 мың теңге;
Ақжар – 1 465 266 мың теңге;
Аққайың – 1 349 072 мың теңге;
Есіл – 1 978 837 мың теңге;
Жамбыл – 2 037 616 мың теңге;
Мағжан Жұмабаев – 2 156 061 мың теңге;
Қызылжар – 2 155 528 мың теңге;
Мамлют – 1 487 699 мың теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы – 2 158 623 мың теңге;
Тайынша – 2 441 120 мың теңге;
Тимирязев – 1 141 268 мың теңге;
Уәлиханов – 1 539 976 мың теңге;
Шал ақын – 1 448 748 мың теңге.
6. 2014 жылға арналған облыстық бюджетте Петропавл қаласының бюджетiнен 1 406 914 мың теңге сомада бюджеттiк өндiрiп алу көлемi көзделсiн.
7. 2014 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін, соның ішінде:
1) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) халыққа әлеуметтік қорғау және көмек көрсетуге;
3) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдауға;
4) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз- су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға;
5) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
6) «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға;
7) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;
8) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге;
9) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
10) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
11) «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;
12) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;
13) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға;
14) сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;
15) тұрғын үйді жобалау, салу және (немесе) сатып алуға;
16) ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;
17) көліктік инфрақұрылымды дамытуға;
18) мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын салуға;
19) білім және денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға;
20) спорт объектілерін дамытуға.
Аталған республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысымен айқындалады.
8. 2014 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер ескерілсін:
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға;
“Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерліктің дамытуына жәрдемдесуге.
Аталған соманы бөлу Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысымен айқындалады.
9. 2014 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар және Петропавл қаласының бюджеттеріне нысаналы трансферттер мен кредиттер көзделсін.
Аталған трансферттер мен кредиттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысымен айқындалады.
10. 4-қосымшаға сәйкес 2014 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару барысында жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрге жатпайтыны белгіленсін.
11. 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының резерві 240 854 мың теңге сомада бекітілсін.
12. Бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақыны толық көлемде төлеу қамтамасыз етілсін.
13. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақысы мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеру белгіленсін.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақысы мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеру белгіленсін.
14. Аудандар бюджеттерінде ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстар көзделсін.
15. Осы шешімнің 13 және 14-тармақтарының күші ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарына қолданылады.
16. 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органы қарызының лимиті 9 380 236 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
17. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың XXIII сессиясының төрағасы
С. ТИМОФЕЕВ.
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Қ. ЕДІРЕСОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт
2014 жылғы 9 қаңтарда облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2476.