К.есімді әйел Жамбыл аудандық сотына жүгініп, шөбін өртеп жіберген Пресновка ауылының үш тұрғынынан шығын орнын толтыруды сұраған.
2013 жылдың 20 қыркүйегінде шағымданушының үйінің маңын-дағы 60 центнер шөбі күйіп кеткен. Алдын ала тергеу барысында шөп-ті сегіз және тоғыз жас аралығын-дағы үш баланың қасақана өртеп жібергені анықталды. Алайда, ба-лалар қылмыстық жауапкершілік-ке тарту жасына жетпегеніне бай-ланысты ішкі істер органдары аталмыш факті бойынша қылмыс-тық іс қозғаудан бас тартқан.
Бірақ, сот шешімімен арыз-данған әйел адамның шығын со-масын өндіріп беру туралы тала-бы толық көлемде қанағаттан-дырылды. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан 100 мың теңге мөлшерінде зиян со-масы өндіріп алынды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі.