«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ 9 ПАЙЫЗҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арай НҰҒЫМАНОВА,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің

әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қолданыстағы заңнамаға сай зейнетақы төлемдері жыл сайын көбейтіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №1403 қаулысына сай 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері 2013 жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғарылады.

Қазақстан Республикасының “2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №148-V Заңына сай:

2014 жылғы 1 қаңтардан тағайындалатын ең төменгі зейнетақы төлемі 20 782 теңгені құрады.

2014 жылғы 1 қаңтардан тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі 9 983 теңгені құрады немесе күнкөріс минимумының 50%-ы (19 966 теңге).

Сонымен қатар зейнетақы төлемін есептеу барысында қолданылатын максималды табыс 2014 жылы 72 228 теңге көлемін құрайтын болады (39 айлық есептік көрсеткіш).

Күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу бойынша және жас бойынша базалық мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері көтеріледі.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты бала бір жасқа толуына байланысты жәрдемақы, №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшерлері көтеріледі.

2014 жылы баланың тууына байланысты біржолғы және бала бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне тағайындалатын жәрдемақыларды тағайындау кезінде 1 852 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болады.

Мүгедек баланы асырап отырған отбасыларға жәрдемақыны тағайындау және көтеру 19 966 теңге сомасындағы минималды еңбекақы көлемінде жүзеге асырылатын болады.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің өсірілуінің мысалдары:

1 мысал

Зейнеткер Н. 2013 жылдың желтоқсан айында 19 066 теңге мөлшерінде минималды зейнетақымен 9 330 теңге көлемінде базалық зейнетақы төлемін алды. Барлық әлеуметтік төлемдер мөлшері – 28 396 теңге.

2014 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы төлемі 20 782 тг. (19 066 х 9%) және 9 983 тг. мөлшерінде базалық зейнетақы төлемі алатын болады. Барлығын қоса есептегендегі әлеуметтік төлемдер мөлшері ай сайын 30 765 теңгені құрайтын болады.

2 мысал

Зейнеткер А. 2013 жылдың желтоқсан айында 42 380 теңге мөлшерінде зейнетақы, 9 330 теңге көлемінде базалық зейнетақы, 2 469 теңге мөлшерінде 2-топтағы мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемін алды. Барлық әлеуметтік төлемдер мөлшері – 54 179 теңге.

2014 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы төлемі 46 195 тг. (42 380 х 9%), 9 983 тг. мөлшерінде базалық зейнетақы төлемі және 2 642 тг. мөлшерінде 2-топ бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын болады. Барлығын қоса есептегендегі әлеуметтік төлемдер мөлшері ай сайын 58 820 теңгені құрайтын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp