«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТАҒЫ КҮНДІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстағы 552 мектепте немесе барлық мектептің 95,3%-ында асхана немесе ыстық тамақ беретін буфеттер бар. 62,3 мың адам немесе оқушылардың 85,5%-ы ыстық тамақпен тамақтанады.

Білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде материалдық-техникалық базаға байланысты. 2013-2014 оқу жылының басынан бері облыста жалпы білім беретін 579 күндізгі мектеп жұмыс істейді, барлық мектеп үй-жайларының жалпы көлемі 1276,9 мың шаршы метрді құрады, 1025,9 мың шаршы метрі немесе 80,3%-ы ауылдық мектептерге тиесілі. Жалпы көлемінің 71,2%-ын жұмыс алаңы құрайды.

Облыс мектептерінде 9,5 мың сыныптық бөлме, оқу кабинеті және лаборатория бар, олардың көлемі 431,3 мың шаршы метрді құрайды. Мектептің бір оқушысына кабинеттер мен сыныптардың 5,9 шаршы метрінен келеді, сонда қалалық оқушыға – 2,9 шаршы метрден, ауылдыққа – 7,7 шаршы метрден.

491 мектепте кітапханалар немесе кітап қорлары бар, оларда 4906,7 мың дана кітап, брошюра, журналдар бар, оның ішінде 1544,6 мың данасы немесе 31,5%-ы – мектеп оқулықтары. Оқулықтардың жаңа нұсқаларының саны жыл сайын жаңартылады, 2013-2014 оқу жылының басына мектептерде 1336,2 мың дана немесе 86,5% осындай жаңа оқулықтар бар.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp