19 қаңтар күні барлық православиеліктер “Крещение” мейрамын тойлайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл күні солтүстікқазақстандықтар арасынан көптеген адамдар суға шомылып, діни рәсім жасауға тілек білдіреді.
Крещение мейрамында суға түсу денсаулық үшін қауіпсіз деген ой екіұдай. Дайындалмаған адамның денсаулығы үшін тәуекелділігі зор.
Мереке қайғылы жағдаймен аяқталмасын десеңіз, суда және мұзда болу ережесін сақтау қажет: спирттік ішімдіктерді ішпеу, ешқандай жағдайда су астына сүңгімеу, суға ақырын, абайлап түсу қажет. Мұз үстінде көпшілік жиналған жерден бас тартыңыз. Суда бірнеше секунд болып, кейін жылы киініп, жылы жерге немесе жылы автокөлікке барып, ыстық шай ішкен абзал. Егер де өзіңізді әлсіз сезініп тұрсаңыз, суға түспегеніңіз жөн. Қазір өзен-көлдерді басқан мұз өте жұқа және қауіпті.
Крещение мейрамында суға түскен кезде абай болыңыздар!