«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӨЗІНЕ МЫҒЫМ АЗАМАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айнагүл ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ,

журналист.

Кезінде мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында жүргізуші болып еңбек етіп, кейін Бағанаты орта мектебінде география және биология пәндерінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Шал ақын аудандық қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік инспектор болып тәжірибе жинақтаған Дулат Жарқынбаев қазіргі уақытта облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы “Шал ақын ауданының білім қызметкерлерінің кәсіптік ұйымы” филиалының төрағасы болып қызмет етеді.  

Дулат Түлекұлының Сергеевка қаласындағы Е.Шайкин атындағы №3 сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаттығына сайланғанына екі жылдай болды.

Оның негізгі мамандығы – ұстаздық. Алдына айқын мақсат қоя біліп, адамгершілігі мен ұлттық болмысы биік азамат қалыптастыруды мұрат тұтқан ұстаз болғандықтан, қоғамға сіңірген еңбегіне қарай “Үздік ұстаз – 2004” дипломымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде мұғалімдердің әлеуметтік, экономикалық мәселелері бойынша, мәселен, олардың өтініш-тілектерін, сауалдарын тыңдап, мәселелерін шешуге көмектеседі. Кәсіподақ назарындағы шаруалардың бірі – білім саласындағы қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, сауықтыру шаралары екені белгілі. Мұғалімдер өтініштері бойынша сауықтыру орталықтарында демалып келеді. Кәсіподақ мұғалімдердің демалу ақысының 30 пайызын төлейді.  

“Кәсіподақ мүшелері жиі хабарласып, түрлі сауалдар қойып, кеңес сұрайды. Жалпы ұстаздарға көмек көрсетіп, мұң-мұқтаждарын шешуге қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамын. Азаматтарды қабылдауда олардың өмірлік мәселелеріне жанашырлықпен қарап, көмектесуге тырысамын, ең бастысы – депутат ретінде сайлаушылардың сенімін ақтау. Күн сайынғы істерімізбен сайлаушылар сенімінен шығуға ұмтыламын”, – дейді Дулат Түлекұлы.

Зайыбы Жайнагүл екеуі – Марат, Сұлтан, Дастан атты ұлдарын өсіріп, білім, тәлімді тәрбие беріп отырған өнегелі отбасы.

Дулат Түлекұлы – қашанда іс пен сөздің бірлігін мұрат тұтатын жан.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp