«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАШАҒЫН АЛАТЫН БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық сот жалақы берешегін, жұмыссыз қалған уақыттың төлемін және моральдық зиян өтемақысын өндіріп беру туралы бір тұрғынның талабын толығымен қанағаттандырды.

Әйел адам сотқа жүгініп, 2012 жылдан бастап ЖШС-де таразышы болып жұмыс істегенін айтқан. Оның жалақысының мөлшері 45 мың теңге болған. 2013 жылдың ақпан айына дейін ЖШС өз қызметкеріне тапқан тиын-тебенін уақтылы төлеп отырған, алайда наурыз айынан бастап жалақы беру тоқтатылған. Соның салдарынан еңбекақы бойынша қызметкер алдындағы берешек 120 202 теңгеге жеткен. Оның үстіне өндірістің жұмысы тоқтағандықтан, жәбірленуші 2013 жылдың шілде айынан бастап жұмысынан айрылған. Сөйтіп, сотқа жүгінген азамат айлық төлемі берешегі мен жұмыссыз қалған уақыт төлемінің өтемақысы есебінде ЖШС-ден 392 727 теңге және 50 мың теңге моральдық зиянды өндіріп беруді сұраған.

Сот талапты толығымен қанағаттандырды, яғни арызданушы ЖШС-ден айлық төлемі берешегін, жұмыссыз қалған уақыт төлемінің өтемақысын және 50 мың теңге моральдық зиянды толық алатын болды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp