Жыл басынан бері облыста 31 өрт болып, одан 1,5 млн. теңге-ден астам материалдық шығын келді. Отта 3 адам қайғылы қаза-ға ұшырады. Тек өткен аптада ғана 20 өрт оқиғасы тіркелді.
М.Жұмабаев ауданындағы Новый Быт ауылында тұрғын үй өртеніп, оның 28 жастағы иесі отта қаза тапты. Еш жерде жұмыс істемейтін жігіт жалғыз тұрады екен. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.
Айыртау ауданындағы Құспек ауылында төрт пәтерлі үйдің бірінен шыққан өртте 65 жастағы зейнеткер қайғылы қазаға ұшырады. Денсау-лығына байланысты төсегінен тұра алмайтын мүгедек жан жалғыз тұрып келген. Оның үйіндегі пешті туысқандары жағып отырған. Зейнеткердің кереуеті пешке жақын тұрған. Үй иесі ұйықтап жатқанда оның төсек-орны өртене бастаған. Сөйтіп, ол ащы түтіннің құрбанына айналған.
М.Жұмабаев ауданындағы Писаревка ауылының 26 жастағы әйелі 8 жасар қызы мен 6 жасар ұлын және 6 жасар жиенін үйде жалғыз қалдырып кетуді әдетке айналдырған. Сондай күндердің бірінде таң ата үй отқа оранған. Ащы түтінге уланған, денелерін күйік шалған балалар аудандық ауруханаға жеткізілген. Тергеу-шілер төтенше жағдайға балалар-дың отпен ойнауы себеп болған деген болжам жасап отыр.
Қызылжар ауданындағы Петер-фельд, Аққайыңдағы Смирново ауылдары мен Петропавлдағы Радиомаяк көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің өртенуіне пеш орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау әсер еткен.

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан-ның Новоишимка ауылының тұр-ғыны пешті сәкінің үстіне салған. Ол қаңтар айының бірінші онкүндігіне дейін ғана “шыдаған”. Оттың жайылуына №13 өрт сөндіру бөлімі-нің жасақтары жол бермеді.
Аққайың ауданындағы Смир-ново ауылының тұрғыны пешті жаға салып, өз жұмысымен кеткен. Ашы-лып қалған қақпақтан түскен ыстық шоқтан шыққан өрт сәкіні, үйдің төбесі мен қабырғаларын зақым-даған. №9 өрт сөндіру бөлімінің жасақтары дер кезінде жетіп, үйді аман алып қалған.
Мамлютка қаласының тұрғыны ыстық күлді қораның іргесіне төккен. Ол қораны ғана емес, қара малды да жалмаған.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.