«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢДЫ БҰРМАЛАҒАН ПЕТРОПАВЛ ӘКІМДІГІ инспекция ұйғарымын орындады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 25 желтоқсанда Петропавл қаласының әкімдігі “Мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалану және көліктік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын” ЖШС-мен жолаушыларды және жүктерді тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша келісімшартын бұзғаны туралы хабарлап, соның негізінде инспекцияның ұйғарымын орындады.

Бәсекелестікті шектеуге әкеп соғуы мүмкін шешімдерді қабылдаудан көрінетін бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер бойынша инспекция 2013 жылғы 18 қыркүйекте әкімдікке қатысты ұйғарым шығарды.

Тергеу жүргізуге әкімдіктің 2012 жылы кәсіпорынмен жолаушыларды және жүктерді тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша келісімшарттарына қосымша келісім жасауы негіз болды, ал Жарғыда мұндай қызмет түрлері жоқ.

Осыған орай әкімдіктің осындай шешім қабылдауы жолаушыларды тасымалдау қызметі нарығында бәсекелестіктің шектелуіне әкеп соғуы мүмкін еді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp