«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБЫННАН ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАНДАР көрші облыстан табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық және павлодарлық полицейлердің бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде жылқы ұрлығы әшкереленді. 

Уәлиханов аудандық ІІБ-ге Мортық ауылының бірнеше тұрғыны шағым түсіріп, ауыл табынынан жылқыларының жоғалғанын айтқан. Олардың айтуынша,  айдың-күннің аманында табыннан 40 шақты жылқы жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша ұрлық жаңажылдық демалыс кезінде орын алған.

Оқиға белгілі болған күні Мортық ауылына Уәлиханов АІІБ бастығының орынбасары Ержан Арғынбаевтың жетекшілігімен тергеу-жедел тобы жеткен. Мортық ауылының маңында, жақын жерде орналасқан ауылдарда жылқы іздеуден еш нәтиже шықпаған. Бұған қоса жолдың жабылып қалуы, қолайсыз ауа райы және ұялы байланыстың жоқтығы іздеуді күрделендіріп жіберген. Соның салдарынан жылқы іздеуге аудандық полицияның қосымша күші жұмылдырылған.  

Ақыры тәртіп сақшылары атқа мінген екі адамның бір табын жылқыны Павлодар облысының Ертіс ауданына қарай айдап әкетіп бара жатқанын көрген тұрғындарды тапқан. Жедел ақпараттың негізінде полицейлер павлодарлық әріптестерімен бірлесіп, көрші облыстағы Майқоңыр деген ауылға жол тартқан. Ұрылар осы елді мекенде қолға түсті. 1985 және 1993 жылдары туған Майқоңыр ауылының тұрғындары жылқышылар болып шықты. Олар полицейлердің келгеніне аң-таң болған, өйткені Мортық пен Майқоңырдың арасы жақын емес, 200 километрдей қашықтықты жүріп өтіп, тәртіп сақшыларының қолына түсеміз деп ойламаса керекті. Ұрылар қылмыс жасаған күні далада жайылып жүрген табынды көрген. Бір бөлігін ауылдарына айдап әкеткен соң малды бұрынғы жоғалтқан жылқыларының орнына есесін қайтару үшін ауылдастарына таратып жіберген. Ал бір бөлігі сойылған. Екі жігіт те қамауға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp