Саят МҰҚАЖАНОВ,
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының
№2 ҚАИ-ның аға инспекторы.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының №2 қылмыстық-атқару инспекциясында бас бостандығынан оқшаулаусыз сотталған 10 адам есепте тұр. Оның тоғызының бас бостандығы шектеліп, ал бір адам шартты түрде жазасын өтеуде. Тіркеуде тұрған он адамның ішінде сегізі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша, яғни бөгде мүлікке ұрлыққа түскені үшін сотталған. Жалпы, есепте тұрған сотталғандардың жартысынан көбі – ұрлық жасағандар.
2013 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №2 қылмыстық-атқару инспекциясы соттың үкімімен жүктелген міндеттерін орындамай, белгіленген тәртіпті жүйелі түрде бұзғаны үшін екі сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Бір сотталғанның қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. ҚАИ-ның есебінде тұрған сотталғандарға міндетті түрде әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетіледі және олардың жақын туысқандарымен қажетті іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады.