«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӨНСІЗ “ӘЗІЛ” ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әсет ШАЙКИН,

облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі.

2013 жылы жарылғыш зат қойылғаны туралы 8 жалған ақпарат түскен.

Тәжірибеден байқағанымыздай, мұндай қылмыстардың ашылуы жоғары және “әзілкештер” заң бойынша қатаң жазаланады. “Телефон террористері” қатарын, әсіресе, балалар, жасөспірімдер және ақыл-есі кем адамдар құрайды. Құқық қорғау органдары үшін кінәліні ұстап, тұтқындау – абыройлы іс, дегенмен түрлі террорлық акт жасалатыны туралы келіп түскен хабар бойынша аталған жерге лезде кинолог-мамандар, сапер-минерлер, ІІД жедел-тергеу тобы, ТЖД қызметкерлері, “Жедел жәрдем” келіп жетеді. Жарылғыш зат орнатылған ғимараттан адамдар толық көшіріледі. Тәртіп сақшылары осындай кез келген хабарды тексеру кезінде жарылғыш затты табу үшін түкпір-түкпірді тексеріп, тер төгеді.

Адам өміріне қатер, мүлікке шығын келтіретін немесе басқа қоғамдық зардаптар тудыратын дайындалып жатқан жарылыс, өрт қою немесе басқа да жалған ақпарат таратқан адам ҚР ҚК 242-бабына сәйкес 200-500 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады.

Кәмелетке толмаған және жасөспірім балалары бар ата-аналар оларды қатаң бақылап, телефонды ойын үшін пайдалануларына жол бермеулері қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp