«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қабдырахман Еркінұлы Сақтағанов облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қабдырахман Еркінұлы 1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Ленин ауданына қарасты Ильинка ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын дәрігер мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Петропавл қаласындағы 1-ші қалалық біріктірілген аурухананың хирургия бөлімшесінің медициналық қызметкері болып бастаған.

1983-1984 жылдары Петропавл қалалық клиникалық ауруханасының нейротерапиялық бөлімшесінде еңбек етті. 1984-1996 жылдар аралығында облыс орталығындағы 1-ші қалалық ауруханада интерн-дәрігер, хирург-дәрігер, хирургиялық кабинеттің меңгерушісі, хирургия бөлімшесінің ординатор-дәрігері, бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарды.

1996-2010 жылдары Петропавлдағы облыстық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург-дәрігері, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек етті.

2010 жылдан бастап осыған дейін 3-ші қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp