«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛЕМ АЛУ ТОҚТАТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың несиелік шотты жүргізгені үшін комиссиялық төлем өндіріп алу мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің түсініктемесін облыс тұрғындары мен заңды тұлғалары өкілдерінің назарына ұсынамыз.

“Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес (одан әрі – банктер туралы заң) көрсетілген банк қызметтері үшін сыйақы және комиссиялық төлем мөлшерлемесін, сондай-ақ тарифтерді Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген шектеулерді есепке ала отырып банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес анықтайды. Банктік қызметтер дегеніміз – банктер туралы заңның 30-бабымен белгіленген, банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін банктік және басқа да операциялар. Банктік операцияларға одан басқа заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі операциялар да жатады.

Қазақстан Республикасының “Төлемдер және ақша аударымдары туралы” Заңының нормаларына сәйкес операциялар жүргізу мүмкін емес шоттар, сондай-ақ банктерде бухгалтерлік есептің позициясын бейнелейтін шоттар, баланстық шоттың компоненті болып табылатын жеке шоттар (субпозиция), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.

Сондықтан банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік шоттарды ашу және жүргізу жөніндегі операциялар жататын банктік қызметтерге (оған несиелік шот жатқызылмайды) комиссиялық төлемдер мен тарифтер тағайындауға және өндіріп алуға құқылы.

Жоғарыда баяндағандар негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың несиелік шотты жүргізуіне комиссиялық төлем алу практикасын тоқтататыны туралы хабарлайды.

Екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың несиелік шотты жүргізгені үшін комиссиялық төлем алу фактісі анықталған жағдайда Ұлттық банк Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген ықпал етудің шектеу шараларын және/немесе айып салуды қолдану құқығын қолданады.

Банктік қызметке қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан филиалына 46-06-09 телефоны арқылы хабарласуға болады.

ҚР Ұлттық банкінің

Солтүстік Қазақстан филиалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp