Елена СКАКУНОВА,
СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.
Мұнай өңдеумен айналысатын екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік өткен жылдың соңында “Казкоммерцбанк” АҚ-на және мемлекетке 2 миллиард теңге қарыз болып қалды.
Сот орындаушылары өткен жылдың 17-19 желтоқсаны аралығында серіктестіктің бірінің кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүліктерінің тізімдемесін жасады. Тыйым салынған мүліктер саудаға түсіп, одан түскен қаражат қарызды қайтаруға жұмсалмақ. 19 желтоқсанда аталған кәсіпорынның бухгалтериясын тексеру барысында онда 295 теңге көлеміндегі қаражаттың бар екені анықталды. Бұл қаражат биылғы 13 қаңтарда тәркіленді.
Кәсіпорын барлық салығын уақытында төлеп отырған. Бүгінде сот орындаушылары Қаржы бақылау инспекциясының және Салық департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы тексеріс ұйымдастыру жұмысын қолға алды. Заң бұзушылық анықталған жағдайда серіктестік директоры мен есепшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.