«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАҒА ҚАТЫСТЫ ӘҢГІМЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қазақстан халықтық коммунистік партиясының СҚО филиалы Петропавлдағы “Алтын Адам” қонақүй-ойын-сауық кешенінде “Қазақстанға либералдық қылмыстық заңнама қажет пе?” деген тақырыпта қоғамдық пікірталас ұйымдастырды.  

Партия өкілдерінің пікірінше, соңғы кезде билік басындағылардың немесе басшылық қызметте отырғандардың ауыр қылмыс жасап, қоғамдағы беделдерінің арқасында жауапкершіліктен құтылып кетіп жатқанына жиі куә болып жүрміз. Қолданыстағы либералдық қылмыстық заңнаманы қолдана отырып, қылмыскерлер нақты жазасынан сытылып кетуде. Мұның салдарынан халық қоғамға қаупі зор тұлғаларға қатысты жазаның қолданылатынына сенбеуге айналды.

Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кісі өлтіру, балалар мен әйелдерге зорлық жасау, адам өлімімен аяқталған жол-көлік апаты туралы хабарлар беріледі. Бұл оқиғаларға кінәлілердің жазасыздығы ашуыза туғызады. Қазақстан халықтық коммунистік партиясы СҚО филиалының төрағасы Дәукен Темірбаев осындай ойын ортаға салды. Партияның облыстық филиалы төрағасының айтуынша, қылмыстық заңнаманы қатайту керек. Ал жаңа Қылмыстық кодекс жобасында, керісінше, қылмыскерлерге қатысты кейбір босаң тұстар кездеседі. “Біздің ойымызша, қылмыстық жазаны ізгілендіру және ырықтандыру үрдісі азаматтардың заң әділеттілігіне сенімсіздігімен қатар, қылмыскерлерді өз бетінше жауапқа тартудың түрлі әрекеттеріне әкеліп соқтырады”, – деді партия өкілдері.  

Қоғамдық тыңдауда айтылған пікірлер негізінде Қылмыстық кодекс жобасына енгізілетін ұсыныстар тізімі әзірленіп, тиісті органға жолданатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp