«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКПЕЛЕРІ ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 “СевКазЭнерго” компаниялар тобы үшін 2013 жыл табысты болды. Энергетиктер жыл қорытындысы жайында облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы және бақылаушы билік органдары өкілдерінің қатысуымен 2013-2014 жылдары жылыту маусымын өткізу мәселелері бойынша 8 қаңтарда өткен салалық селекторлық кеңесте айтып берді.

Шынында да, өткен жылды “СевКазЭнерго” АҚ-ы тұтастай өңірдің, соның ішінде саланың экономикалық өміріне сөзсіз ықпал жасаған бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырумен атап өтті.

2013 жылғы 22 мамырда “ОАЭК” АҚ-ы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) арасында сомасы 138 миллион АҚШ долларын құрайтын кепілдік шартына қол қойылды. Осы қаржының 9 миллион доллары “Солтүстік Қазақстан Таратушы электр желілері компаниясы” АҚ-ға бөлінді. Тағы бір бөлігі – 40 миллион АҚШ доллары тозған құрал-жабдықтарды жаңғырту мен жаңартуға, сол сияқты “СевКазЭнерго” АҚ-ы №2 ЖЭО өндірісінің экологиялық стандарттарын жақсартуға жұмсалды.

2011 жылы 2,4 млрд. теңге, ЕҚДБ қарызы есебінен “Петропавл Жылу желілері” ЖШС-ін жаңғырту бағдарламасын қаржыландыруға жұмсалған болатын. Осы қаржының 700 миллион теңгеден астамын Петропавл қаласының жылу берушілері 2013 жылы игерді. Жылу желісі кәсіпорны үшін ең кең ауқымды жобалардың бірі Абай көшесіндегі №2 ЖМ тораптық құбырын ауыстыру болды. 2013 жылы бірінші кезеңдегі қайта жаңарту №4 сорғы станциясынан бастап (Алтынсарин және Алматы көшелерінің қиылысы) Алматы, Горький және Абай көшелерінің бойымен ұзындығы 1,8 шақырым ТК-2-23 жылу камерасына дейінгі (314-ші атқыштар дивизиясы көшесі) учаскеде атқарылды. Жылу магистралін қайта жаңарту жөніндегі жұмыс осы жылғы жазда жалғасады. Тағы 1,8 шақырым құбыр ауыстыру жоспарланған. Магистраль толық қайта жаңартылғаннан кейін тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың сапасы артады, сондай-ақ жылу шығыны азаяды.

Сонымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жылу беруші ұйымның жабдықтарының тозуы 70 пайыздық деңгейде қалып отыр. Энергетиктердің айтуынша, жағдайды өзгерту үшін кәсіпорын жыл сайын шығын көлемі 1,5 миллиард теңге болатын 20 шақырым желіні ауыстырып отыруы қажет.

Сол сияқты 2013 жылы көптен күткен №2 ЖЭО-ның №4 турбоагрегаты іске қосылды, ол республикалық маңызы бар оқиға саналады. Жаңа турбинаны монтаждау кәсіпорында 2015 жылға дейін көзделген қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Жаңа қондырғының қойылуы станцияға электр қуатын босатуды 63 МВт, жылу қуатын – 96 Гкал арттыруға мүмкіндік берді. Енді жыл ішінде қосымша электр қуатын өндіру 388,8 миллион кВт/сағатқа жетеді, жылына отын үнемі 63,7 мың тонна көмірді құрайды, ал орнатылған электр қуатын пайдалану коэффициенті 81,45 пайызға дейін көтеріледі. Жобаның құны 6,1 миллиард теңгені құрады. 2013 жылы станцияны қайта жаңарту мен дамытуға компания 12,6 миллиард теңге қаржы салды, электр қуатын өндіру 2,6 миллиард кВт/сағат құрады.

Сонымен бірге “СевКазЭнерго” АҚ-ы №2 ЖЭО-да тағы бір ірі жоба – жаңа №8 жылу қазандығы агрегатын монтаждау аяқталуға жақын, оны іске қосу биылғы мамыр айына жоспарланған. Аталмыш шара бу өндіруді сағатына 270 тоннаға көбейтуге мүмкіндік береді, станция жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттырады, сондай-ақ электр қуатын босату көлемін өсіреді.

Өндіріске қатысты жетілдірумен бірге энергетиктер қоршаған ортаның жағдайын да ұмыт қалдырмай, қызметтің экологиялық аясына айтарлықтай көңіл бөлуде. Айталық, 2013 жылы желтоқсанда №2 ЖЭО-да құны 739 миллион теңгеден асатын №2 күл шығарғыштың №3 секциясында екінші іске қосу кешені пайдалануға берілді. Аталмыш шара күл қалдықтарын қоршаған ортаға залалын тигізбестен, үздіксіз шығарып тұруға және үйіп-жинауға кепілдік береді. Сондай-ақ 2006 жылдан бері Петропавл №2 ЖЭО-ның барлық 11 станциялық жылу қазандығы агрегаттарында екінші деңгейдегі титан эмульгаторлар қойылған, олар күл шығарындыларын 6 есе азайтуға ықпал етті (2008 жылғы 20,7 мың тоннадан 2013 жылғы 3,4 мың тоннаға дейін).

Осыған байланысты 20 желтоқсандағы Индустрияландыру күнінде Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында “Парыз” сыйлығын алуы компания үшін зор табыс болды. Солтүстік Қазақстан энергетиктері “Экологияға үлесі үшін” аталымында алтын жүлде иегерлері атанды.

Жөндеу науқаны аясында “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілері компаниясы” АҚ-ның мамандары 1,2 мың шақырым әуе желісіне, 187 трансформаторлық қосымша станцияға қайта жаңарту жұмыстарын жүргізді, сол сияқты кабельдік желілерде шығын сомасы 139 миллион теңгеден асатын 419 қосу және тұйықтау жалғастырғыштарын қойды.

Сонымен бірге инвестициялық бағдарлама аясында қаладағы №8 тарату қосынының жабдықтары мен ғимараты толық қайта жаңартылды, өзінің қызмет мерзімін өтеген 15 шақырым қалалық кабель желілері ауыстырылды, 10 трансформаторлық қосымша станция жаңартылды, қала және облыс бойынша 36,5 шақырым әуе желілерінің жалаңаш сымдары СИП маркілі жаңа сымдармен алмастырылды.

Компания үшін, әрине, бірінші кезекте тұтынушылар үшін “АСКУЭ” жүйесі зор маңызға ие. Ол электр қуатының коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесі болып табылады, қуат үнемі бағдарламасына байланысты кең қолданыс табуда. Қазіргі уақытта жаңа, осызаманғы технологияны энергетиктер 60 миллион теңгеден астам қаржы салынған жоғары деңгейлі 15 есеп орнына орнатты, сол сияқты қалада және облыста 4 қосымша станцияда құны 29 миллион теңгенің “ВЧ” байланыстары жаңғыртылды.

“СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і қызметкерлері облыстың және қаланың тұтынушыларына тағы бір сыйлық жасады. 2013 жылғы 14 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-нің қайта жаңартылған және толық жаңарған Сервис орталығының негізінде Тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі байланыс орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа да осызаманғы Сервис орталығы компания клиенттеріне қызмет көрсетудің сапасын және жеделдігін арттырады.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен

байланыс жөніндегі бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp