«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛДАМАЛЫ ҮЙДЕН ҚУЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жалдамалы үйде заңсыз тұрып жатқан отбасы үшін Жаңа жыл жайсыз басталды. Олар сот шешімін орындамағандықтан, пәтерден шығарылды.

Оқиға осыдан 9 жыл бұрын басталған болатын. Баспанасы бас қайғысына айналған екі баласы бар ерлі-зайыпты таныстарының үйінде уақытша тұра тұруға сұранады. Барак тәрізді салынған үйінде тұруға келісімін берген ескі танысы осыдан бес жыл бұрын дүние салған. Марқұмның мұрагерлері осы уақытқа дейін тұрып келген отбасыдан баспананы босатуларын сұраған. Бір шешімге келе алмағандықтан, мұрагерлер ақырсоңында сотқа жүгінеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында сот үйге заңсыз иелік еткен отбасыға пәтерді босатулары жайында шешім шығарады.

Шешім сот орындаушыларының қолына тиген соң үйде тұрып жатқандарға сот шешімін 5 күн ішінде ерікті түрде орындау туралы ұсыным жіберілді. 2014 жылдың 8 қаңтарында отбасы үйден ықтиярсыз шығарылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp