«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРДЫ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК КҮТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктор МОЛОДОВСКИЙ,

облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі

басқарманың басшысы.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысындағы жастар саны 133 мыңнан асады немесе шамамен облыс тұрғындарының 23 пайызы. Жас адамдардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады (75992 адам). Оны солтүстік өңірдің негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатындығымен түсіндіруге болады. Қалалық жастардың саны – 58 мыңдай.

Демократиялық қоғам дамуы көрсеткіштерінің бірі – жастардың шешім қабылдауға және талқылауға қатысуы екені белгілі. Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестер жас адамдарды соған тартудың тетігі рөлін атқарады. Бүгінгі күні облыста 62 жастар ұйымы тіркелген, оның 11-і – аудандарда. Осыдан үш жыл бұрын олардың саны 49 ғана болатын. Былтыр 4 жастар ұйымы құрылды. Олар: “Бірлік” (Петропавл қаласы), “Жамбыл ауданының белсенді жастары”, “Номад-Қызылту” және “Қызылжардың жаңа толқыны” (Қызылжар ауд.).

2013 жылы облыстың аудандары мен Петропавл қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша 2850-ден аса шара өткізілді, оған 130 мыңнан астам жастар қатысты.

Жастармен атаулы жұмыс жүргізу және оларды тұрғылықты жерлері, оқуы және жұмысы бойынша қамту үшін барлық аудандарда және Петропавл қаласында жастарға арналған ресурс орталықтары құрылуда. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармада және Тайынша ауданында Жастар бастамалары орталығы жұмыс істейді. Бұдан басқа облыс орталығында үш қабатты Жастар үйі ғимаратын салу жоспарланып отыр.

2 ЖОО мен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің 27 ұйымында, облыстың 6 кәсіпорны мен ұйымында Жастар ісі жөніндегі комитеттер мен кеңестер жұмыс істейді.

Жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік қолдау қаржыландырылу жағынан да назардан тыс қалып отырған жоқ. 2012 жылы бұл мақсатқа 34 млн. 844 мың теңге бөлінсе, 2013 жылғы қаржыландыру көлемі 71 млн. 849 мың теңгеге жетті, оның 39 млн. 663 мың теңгесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауға бағытталды.

Петропавл қаласы мен облыс аудандарында жастар ұйымы 50 әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруда. Оның жалпы сомасы 20533,3 мың теңгені құрайтын 11 жобасы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бойынша.

Еңбек және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламасын орындау, қоғамдық жұмысты дамыту, кәсіби әзірлік және біліктілік арттыру курстарында оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Былтырғы жылы жалақысын толық жәрдемқаржыландыру жағдайында жастар тәжірибесінен өту бағдарламасы бойынша жоспардағы 763 адамның орнына 1 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 136 млн. 301 мың теңге бөлінді.

Жастарды жұмыспен қамтуда “Жасыл ел” бағдарламасы ерекше рөл атқарады. Осы бағдарлама бойынша 2012 жылы 170 адам жұмысқа орналасса, 2013 жылы оған қатысқан жасақтар саны 328-ге дейін өсті, олардың жалақысына 9 млн. 500 мың теңге жұмсалды.

“Дипломмен – ауылға!” жобасы жақсы нәтиже беріп келеді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері 1900-ден астам маман жұмысқа орналасты. Былтыр бұл тізім жаңа есімдермен толықты. Осы жоба аясында 375 маман сомасы 45 млн. 439 мың теңгенің көтермеақысын алды, 228 маманға 536 млн. 439 мың теңгенің кредиті берілді.

“Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы туралы сөз қозғағанда оған қатысқан Қызылжар ауданындағы Шаховское орта мектебінің биология пәні мұғалімі Әлия Широжееваны бөле-жара атап кеткім келеді. Ол Ақтөбе қаласында өткен “Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі” форумында және Астана қаласында өткен “Жас Отан” ЖҚ-ның ІІ съезінде Мемлекет басшысының алдында “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасының барлық қатысушылары атынан сөйлеу құрметіне ие болды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысының қорытындысы бойынша Петропавл қаласында құрылған “Студенттік еңбек биржасы” жастарды жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарды, соның нәтижесінде 2012 жылы 1256 адам жұмысқа орналасты. Осы жағдайды ескере келіп, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма 2013 жылы сәуір айында аталмыш еңбек биржасының қызметін қайтадан бастады. Бұл жоба студенттік биржа мен жастардың еңбек отрядтары штабының жұмысын бір жерге тоғыстырды. Бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді. Ол 1950 адамды жұмыспен қамтуға және жастардың еңбек қоғамының бір бөлігі болуларына мүмкіндік берді.

Сонымен бірге Интернетті пайдаланатын солтүстікқазақстандық жастар былтырғы наурыз айынан бері “Труд.қаз” электронды еңбек биржасының қызметіне қол жеткізді. Аталмыш портал арқылы жастарымыз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бос жұмыс орындары туралы қажетті мағлұмат ала алады.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқармалар ішінде біз алғашқылардың бірі болып, 2012 жылы желтоқсан айында Омбы қаласында халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Аталмыш келісім аясында республикада бірінші болып, “Жас депутаттардың шекаралас форумы” шарасын өткіздік. Оған солтүстікқазақстандықтардан басқа, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының өкілдері, Ресейдің шекаралас өңірлерінен Омбы мен Түменнің депутаттары қатысты.

Былтыр қараша айында Қазақстан мен Ресей Федерациясы қалалары құрама командаларының қатысуымен облыс әкімінің кубогы үшін КТК-дан халықаралық фестиваль, үкіметтік емес ұйымдар мен мәслихаттар депутаттары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған қоғамдық тыңдау өтті.

Қорыта келгенде, болашақта Қазақстанның қарыштап алға басуы тек жастармен байланыстырылатындығын атап айтқым келеді. Еліміздің жастары алдында өсуі, өзін танытуы және шығармашылығы үшін жаңа келешек күтіп тұр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp