Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көріну 50 метрден кем) СҚО ТЖ департаментімен келісілген “ҚазАвтоЖол” АҚ және СҚО Ішкі істер департаментінің бірлескен шешімі бойынша 2014 жылғы 20 қаңтардағы 14 сағат 20 минутта облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың барлығы автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Жүргізушілерге осы ақпаратты ескеріп, өз өмірлеріңізді жөнсіз қатерге тікпеуді сұраймыз.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.