«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСЫМЫЗДЫҢ НАҚТЫ БАҒДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрлан ЖАМАНТАЕВ,

облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы.

Мемлекет басшысы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында “Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер”, – дегені біздің күнбе-күнгі қызметімізде басшылыққа алатын бағдарымыз болды.

Ал биылғы Жолдаудағы алдымызға қойылып отырған міндеттер Елбасының осы тапсырмаларын одан әрі жүзеге асырудың нақты жолдарын нұсқап беріп отыр. Мәселен, “Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл сайын көбейіп келеді.

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн”, – деген жолдар – біздің жұмысымыздың нақты бағдары.

Бұл – өміріміздің бүгінгі таңдағы анық, ақиқат көрінісі. Қазіргі уақытта өңірімізде мемлекеттік тіл қоғамды ұйыстырудың, рухани келісімді нығайтудың арқауына айналды. Балабақшалардан бастап, мектептерде, арнаулы орта білім орындарында, жоғары оқу орындарында қазақ тіліне ықылас айрықша артып отыр. Әсіресе, өзге ұлттардың жастары мемлекеттік тілде еркін оқып, жазып, сөйлеп, қазақ тілін меңгере түсуде.

Біз өз тарапымыздан алдағы уақытта Жолдауды жүзеге асырудың барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тиіспіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp