«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАРАТЭШІЛЕРІМІЗ ЖЕРГЕ ҚАРАТҚАН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шымкент қаласында кекушинкай каратэ бойынша ашық біріншілік өтіп, оған 10 облыстың 200-ден астам спортшысы бақ пен бап таластырды.  

Бәсекелі сайыста жерлестеріміз жалпыкомандалық төртінші орынға тұрақтады. Әртүрлі жас топтарында Алишер Авдонин (35 кг.) мен Әділбек Молдағалиев (50 кг.) үздіктер қатарынан көрініп, алтыннан алқа тағынды. Күміс медальды олжалағандардың қатарында Радион Разумов, Алтынбек Әнуарбеков және Дмитрий Королев болды. Ал Аян Тортаев пен Николай Витченко үйге қола медальмен оралды.

Бүгінде каратэшілер Италияда өтетін Еуропа біріншілігі мен Жапония чемпионатына дайындықтарын бастап кетті.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp