Солтүстікқазақстандық спортшылар Алматы қаласында таэквандодан (ITF) өткен ел біріншілігінде сәтті нәтиже көрсетті. Аталмыш турнирге үш жүзден астам спортшы қатысып, олардың қатарында 16 жерлесіміз де жүлде үшін таласқа түскен еді.
Тартысты жарыс барысында кейбір спортшыларымыз бірнеше медальды жеңіп алды. Сайыс қорытындысы бойынша әр жас тобында және салмақ дәрежесінде Илья Хван, Айнұр Қадырменова, Виолетта Баева, Дарья Назаровалар Азия біріншілігінің жеңімпаздары атанды. Күміс медальға қол жеткізгендер – Виолетта Баева, Адильхан Темирболатов, Артем Шустов, Ильмира Кунахунова. Ал Влад Алисиевич, Елхан Амангелді және Светлана Пирматова қола медальды иеленді.
Азия чемпионатына іріктеуден үш қызылжарлық спортшы сүрінбей өтті. Енді Илья Хван, Айнұр Қадырменова және Ильмира Кунахунова ел құрамасының сапында Азия чемпионатында өнерлерін көрсетпек.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.