«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОП ЖАРУҒА ТАЛПЫНҒАН жас мемлекеттік қызметшілер аз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше “Үздік жас мемлекеттік қызметші” кәсіби шеберлік конкурсының екінші кезеңі өтті. Конкурсқа жасы 30-ға толмаған 10 үміткер қатысты.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш конкурстың мақсаты – мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру және осы салада еңбек етіп жүргендерді ынталандыру. Конкурстың облыстық кезеңіндегі жеңімпаз Қостанай қаласында өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады. Осы орайда “жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарды” анықтау үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мен облыстық әкімдік бірлесіп ұйымдастырған конкурсқа қатысуға 22 жас маманнан өтініш түсіп, оның 16-сы берілген тақырып бойынша эссе жазған. Конкурстық комиссия таңдап алған 10 эссенің авторы “Үздік жас мемлекеттік қызметші” атағына таласты. Конкурс шығармашылық, пікірталас, зияткерлік блиц тур сияқты сынақтардан тұрды.  

Бақ сынасқалы тұрған жас мамандарға сәттілік тілеген облыс әкімі аппаратының басшысы Владимир Дудов мемлекеттік қызметшілердің өсіп-жетілуіне елімізде барлық жағдайдың жасалғанын және бұл бағытта бірнеше заң қабылданып, мемлекеттік қызметтің негізін нығайтқанын айтты. Сонымен конкурстың алғашқы турында-ақ жас мемлекеттік қызметшілер шығармашылықтарын танытуға тырысты. Бірі өзін бейнесюжетпен, ал екіншілері әнмен, өлеңмен, қара сөзбен таныстырды.

Суретті түсірген

  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp