«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗАҚСТАН – 2050” ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ОКҚ брифингінде “Қазақстан – 2050” жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Данат Жұмин Мемлекет басшысының “Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауы аясындағы міндеттері туралы айтты.

“Қозғалыстың міндеті ретінде мен “Қазақстан – 2050” Стратегиясында айтылған Елбасының саяси бағытын қолдау арқылы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі деп атап көрсете аламын”, – деді Д. Жұмин.

“Біз – елімізде тұратын адамдардың барынша мол бөлігі Стратегияның не туралы екенін, өзінің оған қатысуының маңыздылығын, Стратегияның Астанада Үкімет қабылдаған жай ғана құжаттардың бірі емес екенін түсінгенін қалаймыз. Бұл құжат біздің елімізде тұратын адамдардың өмірі мен тыныс-тіршілігін көптеген жылдар үшін алдын ала айқындап берді”, – деді өз сөзінде қозғалыс төрағасы.

Сондай-ақ Д. Жұминнің сөзіне қарағанда, қозғалыс жұмысының негізгі бағыттары қазақстандықтарды “Қазақстан – 2050” Стратегиясының мақсаттарына, құндылықтары мен идеологиясына тарту, оны жүзеге асыру жөніндегі практикалық нұсқаулықтарды ойластыру, сондай-ақ Стратегия мақсаттарына жетудің тиімділігіне азаматтық мониторинг жасау болып табылады.

Атап өту керек, “Қазақстан – 2050” қозғалысын 2013 жылдың 6 желтоқсанында азаматтардың бастамашыл тобы құрған. Қозғалысты құруға Мемлекет басшысының “Болашақ” стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда “Қазақстан – 2050” Стратегиясының идеологиясы негізінде азаматтарды біріктіру туралы идеясы себеп болған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp