«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРЛІК КӨРЕРМЕНДЕРІ БОЛЫП КЕЛЕМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 “Асыл ана” Солтүстік Қазақстан облыстық асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігі өткен жылы өзінің 127-інші театр маусымын ашқан Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры мен облыстық қуыршақ театры ұжымына үлкен алғысын білдіреді. 

Теңдік СӘРСЕКЕЕВА,
“Асыл ана” Солтүстік
Қазақстан облыстық асырауында
балалары бар мүгедек әйелдердің
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Мен театр атаулыға студенттік кезден ынтызар болдым. Онда сахнада Иван Арчибасов, Тамара Кучина, Геннадий Шарнин, Людмила Ванюкова, Виктор Шалаев сынды марқасқа актерлер өнер көрсетті. Көптеген қойылымдарды көрдім. Режиссерлердің жұмыстарымен таныстым. Біздің театрдың актерлері менің өміріммен етене байланысып, туған-туыстарымдай болып кетті. Олардың өнерлері жайында мен отбасыммен, әріптестеріммен және достарыммен бөлісіп келемін. Жетістіктерімен мақтанып, жеңілістеріне бірге күйінемін. Біздің актерлер өзге қалалардың көркіне айналды. Бірақ олар әрқашан да біздікі болып қала бермек. Жергілікті театрда қызмет еткен актер Леонид Окуневті теледидардан көріп тұрамын.

Уақыт алға зымырап барады. Онымен бірге біздің театр да алға қарай жылжуда. Театрға жас дарынды актерлер келді. Олар: Ирина Полищук, Алексей Никулин, Татьяна Афанасьева, Марина Черняк, Евгений Патешкин, Ирина Патешкина, Татьяна Терлецкая, Роман Лахтин.

Менің қоғамдық бірлестіктің төрайымы болғаныма, міне, 17 жыл болды. Осы жылдар ішінде театрмен достастығымыз нығаймаса, әлсіреген емес. Ол біздің балаларымыз бен өзімізге отбасымыздай болып кетті. Театрда бізді ылғи жылы қарсы алып, көрермендер үшін бар жағдай жасалған.

Облыстық қуыршақ театрының қойылымдарын да ерекше ілтипатпен көреміз. Бұл театр қойылымдарын бүлдіршіндерге арнап сахналағанымен, қойылымдарды біз, ересектер де ерекше ықыласпен тамашалаймыз. Себебі, біз де кезінде бала болғанбыз. Бұл театрдың актерлері: Айгүл Қасенова, Сапар Мәпенов, Юрий Пархоменко, Андрей Зайцев, Ольга Лабутина, Наталья Гузеева бұрыннан бері қызмет етіп келеді. Олар – қуыршақ театрының кәсіби актерлері.

Өңірімізде көрермендердің рухани көкжиегін кеңейтетін театрлар жұмыс істейді. Олар, менің ойымша, адамгершілік құндылықтарды байыта түсіп, адам жүрегіне сенім ұялатып, өмірге деген құлшынысын арттырады. Театр ұжымдарына біздің бірлестік тамаша ойлар мен күш-жігер, шабыт пен құмарлық, өз күшіне деген сенім мен көрермендердің ықыласына бөленуді тілейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp