«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗГІШТЕР ҚОРЖЫНЫНДА – 16 МЕДАЛЬ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласында “Қысқы демалыс” атты жүзуден дәстүрлі біріншілік өтті. Әр өңірден келген 20 құрама команданың арасында өңір намысын қорғаған 8 жүзгіш 16 медальға ие болды.

Атап айтқанда, Еңлік Ұлтарақова бес алтын медаль (200 метрге кешенді жүзу, 200, 100 және 50 метрге шалқалап жүзу, көпсайыс) жеңіп алды. Тимур Хайыров үш алтын мен бір қола медальға қол жеткізді. Ол 200 метрге кешенді жүзу, 100 және 50 метрге брасс әдісімен жүзуден үздік болса, 200 метрге брасс әдісімен жүзушілер арасында өткен көпсайыста үшінші болды. 100 метрге еркін әдіспен жүзушілер арасында Эльмира Райымбекова екінші болып мәре сызығын кесті.

Сондай-ақ қыздар арасында Екатерина Кубасова, Ксения Запорощенко, Еңлік Ұлтарақова және Эльмира Райымбекова, ал ұлдар арасында Влад Кутиков, Тимур Хайыров, Равиль Гайнутдинов, Денис Бараков 4х50 метрлік эстафетада үшінші орыннан көріне білді. Аталмыш төрттік еркін стильдік 4х25 метрлік эстафетада – күміс, ал 4х50 және 4х100 метрлік еркін эстафетада қола медальды да еншіледі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp