Қоғамдық тәртіпті сақтауда полицейлерге көмекке келген 366 азамат марапатқа ие болды.
СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні Петропавл қаласы мен облыстың барлық 13 ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған 173 қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Бұл топтарда 800-ден астам адам еңбек етеді. Солардың ішінде 84-і – учаскелік пункттердегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, 11 адам – “Сақшы” құрамасының, 5-еуі – студенттік жасақтардың және 73-і мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері болып табылады. Сондай-ақ күнделікті қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлеріне қолғабыс етуге күзет ұйымдары 160 және тұрғындарды жұмыспен қамту органдары 35 адамды жібереді.
СҚО ІІД бастығының орынбасары Серік Идрисовтың айтуынша, 2013 жылы қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 121 қылмыс пен 1 мыңнан астам әкімшілік заң бұзушылық әшкереленген.
Жуырда қоғамдық тәртіптің сақталуына өзіндік үлес қосқан азаматтар Алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды. 321 еріктіге 6 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.