14 қаңтарда сағат 18.21-де облыстық ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ өртке қарсы қызметінің орталық пультіне Петропавл қаласының Жұмысшы кентіндегі ескі зират қасында, “Гудок” саяжай бірлестігі жағында қара жолмен келе жатқан трактордың жол жағалауына құлап кеткені жөнінде хабар түсті. ТЖ нәтижесінде тракторшы кабинада қысылып қалған. Апат болған жерге келген №2 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары қалалық ЖШС-лердің біріне тиесілі тіркемелі “К-700” тракторы аударылып, 4 метр биіктіктен құлағанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері зардап шеккен 1957 жылғы қала тұрғынын шапшаң түрде оқшаулап, шығарды. Көлік құралының жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Құтқару жұмыстарына 2 техника мен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 7 адам жұмылдырылды.
ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ баспасөз қызметі.