«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРМАНЫ БІР ДОСЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Досым Әділхан Балқожа екеуіміз кішкентайымыздан Ішкі әскер қатарында Отанға қызмет етуді армандайтынбыз. Бала кезімізден жауынгер мен генералдың рөлін алма-кезек “сомдап” ойнайтынбыз. Ағаштан мылтық немесе қылыш жасап алып, “Отан үшін!” деп атой сала, ұмтыла жөнелетінбіз. Сол арманын досым орындады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

М.Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің студенті.

Асқақ арманмен мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығатын 11-сыныпқа да таяп қалған кез. Жаз бойы қашықтыққа жарыса жүгіріп, кермеде барынша молырақ тартылып, қаламыздағы Әскери институтқа түсуге қызу дайындалған болатынбыз. Санамызда әскер қатарына оңайлықпен қабылданамыз деген оптимистік ой жатыр.  

Әйтсе де, менің арманым іске аспай қалды. Медициналық тексеріс кезінде денсаулығымнан кінәрат табылды. Бірақ еңсемді түсірген жоқпын. Ал досым болса, Әскери институттың қабылдау емтихандарынан сүрінбей өтіп, курсант атанды. Қуанышымызда шек жоқ. “Жігіт жыламайды” деген қағиданы бұзып, көзімізге жас та үйіріп алдық.

Мен енді жоғары оқу орнын тамамдап, денсаулығымды қалпына келтірген соң бір жылдық әскерге баруды мақсат еттім. Содан соң бала кезімнен бері армандаған Әскери институтқа баспасөз хатшысы болып орналассам деймін. Досыммен бәрібір де жолымыз түйіспек.

Әнекей, көз ұшында досым әскери ант қабылдап тұр. Үстіндегі әскери киімін айтсаңшы, құдды өзіне арнап арнайы тіккендей. Керемет! Толқып кеттім… Егемен еліміздің ертеңіне елеңдеген ерлердің еңсесі әрдайым биік болғай!..

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp