«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“СевКазЭнерго” АҚ-да облыстың бас энергетигі Еділ Көпеновтің төрағалық етуімен компания басшылығы мен Петропавл №2 ЖЭО, “Солтүстік Қазақстан Таратушы электр желілері компаниясы” АҚ, “Петропавл Жылу желілері” ЖШС-і және “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і еңбек ұжымдарының арасында жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды.

Ұжымдық шарт кәсіпорын қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, сол сияқты зейнеткерлері мен ардагерлері үшін бірыңғай жеңілдіктер, кепілдіктер және өтемақылар тізімін қамтамасыз етеді. Бүгінде “СевКазЭнерго” АҚ-ның қызметкерлері саны 2,5 мың адамнан асады. Осы ретте компания кәсіпорындарында 2013 жылдың желтоқсанындағы орташа еңбекақы көлемі 93 мың теңгеге жуық болды.

“Жаңа ұжымдық шарттың 2011-ден 2013 жылға дейін қолданыста болған бұрынғы шарттан бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы, “СевКазЭнерго” АҚ-ы тобындағы кәсіпорындарда зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс үшін қосымша төлемнің шекті көлемі 16 пайыздан 24 пайызға дейін көбейтілді. Соған қоса компания басшылығына енді сертификаттау және ІSO халықаралық стандарттарына сәйкестікте экологиялық менеджмент және кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында қолдау міндеті бекітілді. Сондай-ақ жаңа құжатқа сәйкес жақын туысқандардың жерлеу төлемдері көлемі 10-нан 11 АЕК-ке дейін, ардагерлер кеңесінің төлемдері және тағы басқалары көбейтіледі”, – деді “СевКазЭнерго” АҚ-ның қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Светлана Овчинникова.

Шараның соңында Еділ Көпенов кәсіподақтар ұйымдары көшбасшыларының қойған сұрақтарына жауап берді.

– Біздің компания үшін бүгін ерекше күн болды. “СевКазЭнерго” АҚ-да ұжымдық шартқа қол қойылуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауымен үндесіп отыр, компания қызметі тек өндірістік қуаттарды арттыруға ғана емес, ондағы жұмыс істейтін мамандардың тұрмыс жағдайларын көтеруге де бағытталған, – деді басқарма төрағасы қорытынды сөзінде.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp