«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСІМІЗ ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА КІРГІЗІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың есімі “Гиннестің рекордтар кітабына” жазылды, деп хабарлады еліміздің ақпарат агенттіктері.

“Вино” алғашқы Олимпиада жүлдесі – күміс медальді 2000 жылы Сиднейде жеңіп алған болатын, ал екінші медаль, яғни алтын жүлдеге араға 12 жыл салып, 2012 жылы Лондонда қол жеткізді. “Гиннестің рекордтар кітабы” жерлесіміздің бұл көрсеткішін рекорд деп таныпты.

Александр – Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылының тумасы. Алғашқы Олимпиада жүлдесін елімізге 2000 жылы алып берді. Жасыл құрлықта өткен жарыста ол өзінің сол кездегі командаласы – “Deutche Telekom” командасының капитаны Ян Ульрих және тағы бір неміс спортшысы Андреас Клёдэнмен бірге алға озып кетіп, жүлделі орындарды өзара бөліскенді. Ян – алтын, Саша – күміс, ал Адреас қоланы қанағат тұтқан. Соңғы уақытта Ульрихтың допинг қолданғаны жайлы көп айтылып жүр, егер онысы әшкере болса, Сиднейдің алтыны да Винокуровтың мойнына ілінуі мүмкін.

Ал Лондонда жасы 40-қа жақындап қалған Александрдан ешкім жүлде күте қоймаған. Алайда, 250 шақырымдық жарыста бір топ спортшының бұрылыста құлаған сәтін сәтті пайдаланған ол алға шығып кетіп, армандаған алтынына қол жеткізген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Винокуровтың Сиднейдегі күмісі – велоспорттан қазақстандықтар ұтып алған тұңғыш Олимпиада жүлдесі, ал Лондондағы медалі тұңғыш алтын жүлде екені белгілі.

  “ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp