Виктор ДЕРЖАНСКИЙ,
“ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Суда құтқару
қызметі” ММ-нің бастығы.
Петропавлдықтардың өмірінде Крещение мейрамы ерекше орын алады. Жыл сайын 19 қаңтар күні ойықта шомылуға тілек білдірген адамдар саны артуда. Ауа райының төмендеуі оларға бөгет емес. Крещение аяздары – төтенше жағдайлар қызметінің мамандары үшін қауырт кезең.
Мереке күндері суда құтқару қызметінің жеке құрамы Петропавл қаласының қалалық жағажайында суға түсу орындарын жайластыруға белсене қатысты. Құтқарушылар құрал-жабдықтарды дайындап, мұзда бір мезгілде қанша адам тұра алатындығын санады. 19 қаңтар күні 15 градустық аязда таңертеңгі 7 сағат 30 минуттан кешкі 20 сағат 30 минутқа дейін Есіл өзенінің арнайы белгіленген учаскесінде 4 көлік және суда құтқару қызметінің 19 қызметкері және 2 медициналық қызметкер кезекшілік атқарды. Сол жерде жылыту пункттері және “Жедел жәрдем” көлігі тұрды, өз қызметін полиция наряды да атқарды. Алдын ала деректер бойынша, мерекелік іс-шараға 8 мыңнан 10 мыңға дейін адам қатысты.