«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙТАЛМАН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Марат Жарымбетов өзінің еңбек жолын 1975 жылы бүгінгі “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-да бастапты. Облыс орталығындағы №112 кәсіптік-техникалық училищені газэлектр дәнекерлеуші мамандығы бойынша тамамдаған ол – бүгінде осы зауыттың 6-шы разрядты білікті маманы. Оның еңбек жолы өмір ағысына қарай бірнеше рет өзгеріп, әртүрлі кәсіппен шұғылданып көрсе де, жеме-жемге келгенде жас кезінде қаққан қазығына қайта оралыпты.

– Бұл мамандықтың өз қиындығы бар. Бірақ мен жұмысымды ауырсынған жоқпын, заманның талабы солай болды. Бірақ адам бастапқыда қандай бағыт алса, көңілі де сол жаққа қарай ауып тұрады екен. 2002 жылы еңбек жолым басталған “ПАМЖЗ” АҚ-на қайтып оралдым. Содан бері осы зауытта еңбек етемін, – дейді Марат Хайроллаұлы.

Дәнекерлеуші – қашанда қажетті мамандық. Ал Марат Хайроллаұлы сынды тәжірибелі де білікті еңбеккерді зауыт әкімшілігі құрмет тұтпауы мүмкін емес. Оған ұжым басқару ісінің де тізгіні ұсынылған, бірақ одан бас тартыпты. Ал қарамағына жас жігіттер алып, оларды мамандыққа баулуға, кәсіпорындағы кадр мәселесін шешуге Марат Хайроллаұлының қосып отырған үлесі зор.

– Зауытта еңбек құрал-жабдықтары жиі жаңартылып отырады. Сондай-ақ біз бұрын кеңестік дәуірдегі сияқты бірнеше тетікті ғана жасай бермейміз. Күнде жаңа тапсырыс, жаңа тетіктер, жаңаша жұмыс істеу талап етіледі. Сондықтан болар, біз әр жұмыс күнін жаңаша бастауға, оның оң нәтижесін көруге дағдыланып алдық, – дейді Марат Жарымбетов.

  Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp