Петропавл қалалық Мәдениет үйінде классикалық романс кеші өтті. Оны Қырғыз КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, облыстық филармонияның камералық хорының көркемдік жетекшісі Юрий Колчин жүргізді.
Анна КУЧЕРЕНКО,
еңбек ардагері.
Концерт ерекше өтті. Жүргізуші көрермендерге орындалған әрбір әннің шығу тарихын таныстырып отырды. Музыка өнеріндегі романс әндері көбінесе лирикалық сарында келеді. Концертте бұл бағытта музыка жазған белгілі сазгерлердің туындылары орындалды. Михаил Глинка, Петр Чайковский, Антон Аренский, Сергей Рахманинов, Николай Римский-Корсаков және тағы басқа орыс сазгерлерінің шығармалары шырқалды. Оларды камералық хордың әншілері нақышына келтіріп орындады. Олар: Л.Петрова, Л.Фасхутдинова, С.Логвиненко, М. Баянов, Р.Синтиков.
Романстардың тамаша әуендері тыңдармандарды тәнті етті. Сахнадағы әртістер ыстық ықыласқа бөленді. Сондай-ақ концертте облыстық филармонияның ішекті аспаптар квартеті П. Чайковский мен М. Мусоргскийдің шығармаларын орындады.