«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАТАР ӘНДЕРІ ТАМЫЛЖЫТА ШЫРҚАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында татар әндеріне арналған концерт өтті. Оны жергілікті әнші Ильдар Сисанбаев ұйымдастырды.

Рашит ИСМАИЛОВ,

қоғамдық тілші.

 

Ильдар Сисанбаев бала кезінен ән шырқап келеді. Ол ғана емес. Оның отбасы мүшелері түгел дерлік өнерге бір табан жақын. Әншінің әкесі Марат Сисанбаев баян аспабында ойнайды. Анасы Насима да татар халық әндерін нақышына келтіріп орындап келеді. Інісі Василь де өнерден құралақан емес. Осындай өнерлі отбасында дүниеге келген Ильдар Сисанбаев өз өнері арқылы татар халқының мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Іс-шара бағдарламасының сәні де, мәні де Қазан қаласынан келген қонақ, “Татар моны – 2011” татар байқауының лауреаты, ТНВ арнасындағы “2013 жылғы музыкалық ондық” сайысының жеңімпазы Азат Фазлыев еді. Бұл әншіні жергілікті көрермендер өткен жылғы Сабантой мерекесінен бері таниды.

Концертте мың бұралған бишілер де өнер көрсетті. “Қуанамын” би студиясы (көркемдік жетекшісі Алина Ушакова), “Далия” шығыс билері студиясы (жетекшісі Ольга Горлова), “Дуслык” облыстық татар-башқұрт орталығы” қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты және “Басет” байқауының жеңімпазы, Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, Каир қаласында өткен халықаралық доданың жеңімпазы, биші Регина Апушева өнер көрсетті. Сондай-ақ “Қызылжар” халық музыкасы ансамблінің көркемдік жетекшісі Виталий Смотров балалайка аспабында ойнап, көрермендердің ықыласына бөленді. Кеш соңында көрермендер осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылып тұруын қалап, әртістерге жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp