Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған шаралар жөнінде Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко әңгімелеп берді.
“Біз Мәжілістің отырысында “Ақпараттық технологиялар паркі” инновациялық кластері туралы” және Мемлекет басшысының бұдан бұрынырақта берген тапсырмалары бойынша әзірленген ҚР “Ақпараттық технологиялар паркі” инновациялық кластері мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымында қарастырмақпыз”, – деді Сергей Дьяченко.
Сондай-ақ ол қазір Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлік кодексі әзірлеп жатқанын хабарлады.